ШҚО еркін күрестен конфедерация кубогын олжалады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Еркін күрестен 2018 жылғы Конфедерация кубогының иегері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Биыл Шығыс Қазақстан облысының балуандары чемпиондық атақты ешкімге берген жоқ. 

Еркін күрестен финалдық сында Астана қаласы мен ШҚО балуандары кездескен болатын. 

Тартысты кездесулер нәтижесінде шығысқазақстандықтар 4:2 есебімен жеңіске жетті. 

Қос команда өкілдерінің арасында 74 келідегі белдесу аса тартысты өтті. 

Азия ойындарының күміс жүлдегері Данияр Қайсанов пен әлем чемпионатының жүлдегері Нұрлан Бекжанов арасындағы сында айқын басымдылықпен Бекжанов жеңіске жетті. 

Соңғы жаңалықтар