ШҚО елді мекендерінде «экономды» бассейндер салынуы мүмкін

None
None
КУРЧАТОВ. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Курчатов қаласында болып, ондағы бірқатар нысандарды аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәселен, аймақ басшысы Курчатовта салынып жатқан жабық бассейннің сапасына жоғары баға беріп, мұндай спорттық нысандар облыстың өзге елді мекендерінде де болуы керектігін атап өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және мемлекеттік-жекешелік əріптестік аясында салынып жатқан бассейннің құны шамамен 117 миллион теңгені құрайды. Облыс əкімі бұл өте тиімді баға екенін айтты.

«Əдетте мұндай бассейндердің құрылысына үш есе көп қаражат жұмсалады. Сондықтан бұл тамаша жоба екенін айтқым келеді. Нысанның сапасы да ойдағыдай. Мердігер компания келіссе, біз дəл осындай бассейндердің тағы алтауына тапсырыс беруге дайынбыз. Неге десеңіз, жобаның құны ұнап тұр. Негізі, осы тəріздес бассейндердің құрылысына 300 миллиондай теңге көлемінде қаражат кетеді», - деді Д.Ахметов.

Жүзу бассейнінің ұзындығы - 25, ені - 8, ал тереңдігі 1,6 метрді құрайды.

Сондай-ақ өңір əкімі Курчатовтағы N4 қазандыққа барып, жөндеуді қажет ететін нысанның реконструкциялау жөніндегі жобасына бірқатар өзгеріс енгізді.

Қаланы абаттандыру жағдайымен танысқан ШҚО басшысы Курчатовтың өз коммуналдық қызметі болуы керектігін жеткізді. Айта кетсек, бүгінде Курчатов қаласының өз коммуналдық қызметі жоқ. Жоспар бойынша бұл жұмысты бизнес атқаруы тиіс болатын. Алайда кəсіпкерлер шаһарды абаттандыруға құлықсыз. Нəтижесінде соңғы екі жылда абаттандыруға қатысты өткізілген тендерлерді ешкім ұтпаған. Аймақ басшысы бұған нүкте қоятын кез келгенін айтты.

«Жылына төрт тендерге дейін өткізіледі екен, бірақ біде-бірі аяғына дейін жетпейді. Өкінішке қарай, бизнес абаттандыру жұмыстарын жүргізуге құлықсыз. Сол себепті, қалада коммуналдық қызмет құру жағын ойластыруымыз қажет. Курчатов бүгінгі тоз-тозы шыққан қала кейпінен арылуы тиіс», - деді ол.

Аймақ басшысы қаланы аралау барысында көшелер мен аулалардың абаттандырылуын қатты сынға алды. Оның айтуынша, шаһар Ұлттық яролық орталық пен бұрынғы Семей полигонының жақын орналасуына байланысты зор туристік əлеуетке ие. Сол себепті, қаланың қақ ортасындағы қоқыс үйінділерінен тезірек арылу қажет.

«Қалалық əкімдік мамандары биыл Курчатовтағы 32 ауланың 15-ін қалпына келтіру жоспарланғанын айтты. Бұл мақсатқа шамамен 100 миллион теңге жұмсалмақ екен. Менің ойымша, мұндай жұмысты барлық аулада жүргізу керек. Қажет болса, тағы 100 миллион теңге бөлеміз. Тек аулаларды тезірек жөнге келтіріңіздер. Қажет болса, облыс орталығынан қосымша жұмыс күшін жіберуге дайынбыз», - деді аймақ басшысы.

Бұдан бөлек, Д.Ахметов Курчатовта төрт жыл бойы қаңырап, бос тұрған 64 пəтерлік тұрғын үйді жөндеу жұмыстарымен танысты.

«Бұл үйдің пəтерлері бірінші кезекте мұғалімдер, дəрігерлер мен басқа да әлеуметтік сала мамандарына берілуі керек. Бір ғана шарт, адамдар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" салымшылары болуы тиіс», - деген ол, қала басшысы Алексей Глазинскийге осыған қатысты нақты тапсырмалар берді.
null

Соңғы жаңалықтар