ШҚО экономикасының бірқатар салаларында еңбек өнімділігі артты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі мен металлургия саласында еңбек өнімділігі артты.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасында атап өтілгендей, талдау өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2008 жылмен салыстырғанда 2,2 есеге, ал 2013 жылға қарай - 16,5 пайызға өскенін және 2014 жылдың қорытындылары бойынша бір адамға шаққанда 59,5 мың АҚШ долларын құрағанын көрсетеді.

Металлургиядағы еңбек өнімділігі 2008 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге өсті, 2013 жылға қарай 31,3 пайызды құрап, адам басына шаққанда 138,8 мың АҚШ долларын құраған.

Мұнда аймақтағы өңдеу өнеркәсібінің негізгі үлесін металлургия (54 пайыз) және машинажасау (24 пайыз) алып отырғанын атап өту керек.

Машинажасау саласында да еңбек өнімділігінің өсімі атап өтілуде, бірақ онда екі кәсіпорында («АзияАвто» мен «DAEWOO Bus Kazakhstan») өндіріс көлемі азайған. Жалпы алғанда, бұл саладағы еңбек өнімділігінің 2,2 есеге өсімін атап өтуге болады.

Соңғы жаңалықтар