ШҚО дүкендерінде жарамдылық мерзімі өткен тауарларды сату фактілері жиілеп кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы сауда орындарында жарамдылық мерзімі өткен азық-түлік өнімдерін сату фактілері біршама жиілеп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, осы жылдың алғашқы 3 айында дүкен сөрелерінен жарамдылық мерзімі өткен өнім сатудың 15 фактісі тіркелді. Бұл былтырғы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда едәуір көп. 2021 жылдың 12 айында осындай 16 бұзушылық анықталған болатын.

«Өнім қауіпсіздігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі – жарамдылық мерзімі. Өнімді таңбалауда дайындалған күннен өндіруші міндетті түрде жарамдылық мерзімін көрсетуі керек. Әрбір тұтынушы жарамдылық мерзімі өткен азық-түлік өнімдерін сатуға тыйым салынатынын білуі тиіс. Мұндай өнімдерді тұтыну оның өміріне қауіп төндіруі мүмкін», - делінген ақпаратта.

Жарамдылық мерзімі өтіп кетсе де сатылған тауарлардың ішінде шұжық, құс өнімдері, консервіленген балық, май, кондитерлік және аспаздық өнімдер, алкогольсіз сусындар, ұн және жарма өнімдері бар.

Осыған дейін ШҚО-да инвесторлар есебінен 82 көпқабатты үй салынып жатқанын хабарлаған едік,



Соңғы жаңалықтар