ШҚО денсаулық сақтау саласында 697,8 млн теңге игерілмеген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда 2018 жылы 1,4 млрд теңге игерілмей қалған. Оның тең жартысы денсаулық сақтау саласына тиесілі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімдігінде өткен жылдың бюджетін игеру бойынша қорытынды мәжіліс өтті. Қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Меруерт Ахметнабиеваның айтуынша, республика бюджеті мен жергілікті қазынадан бөлінген қаражаттан 1,4 млрд теңге игерілмей қалған. Басым бөлігін облыстық трансферт құрап отыр. Республикалық бюджеттен игерілмегені - 17 млн теңге ғана.

Қаржы игермеу рейтингінде көштің басын денсаулық сақтау басқармасы ешкімге беретін емес. 697,8 млн теңге игерілмеген. Одан кейінгі орында энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы. Шағын және орта бизнес нысандарына инфрақұрылым тарту үшін бөлінген 94,2 млн теңге қазынаға қайтқан. Үштікті мәдениет басқармасы түйіндеп тұр. Игерілмеген сома - 65,4 млн теңге.

Аудандар мен қалалар арасында қаржы игеруге қырсыз өңірлердің көш басында Өскемен қаласы тұр. Облыс орталығының әкімдігі 346,9 млн теңгені жарата алмаған. Одан кейінгі орындарға Бородулиха мен Жарма аудандары жайғасыпты.

Соңғы жаңалықтар