ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының жаңа басшысы болып Досжан Уалханов тағайындалды.

Досжан Нұрбайұлы 1979 жылы Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында дүниеге келген. «Шығыс-СвинецСтрой» волейбол клубын басқарған ол 2015 жылы аймақ басшысының қолдауымен «Алтай» волейбол клубын құрды. Қазіргі лауазымына дейін сол клубтың директоры қызметін атқарған.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасын қазақ жеңіл атлетикасының жарық жұлдызы Ольга Рыпакованың жұбайы Денис Рыпаков басқарған болатын.
Соңғы жаңалықтар