USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

ШҚО дәрігерлері үш ауысымда жұмыс істеуі мүмкін

2020 жылғы 18 наурыз 13:55
Бөлісіңіз:
ШҚО дәрігерлері үш ауысымда жұмыс істеуі мүмкін

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ШҚО денсаулық басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан өңірдегі дәрігерлердің жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Омикрон өршіді, елдегі ахуал күрделі Ажар Ғиният вакцинация деңгейі төмен өңірлерді атады Елімізде 60 мың пациентке жететін дәрілік заттардың 2 айлық қоры бар  - ДСМ

«Дәрігерлердің арнайы тізімі жасалған. Қажет болған жағдайда ақ халаттылар 3 ауысымда жұмыс істейді. Бір ауысымда жұқпалы аурулар жөніндегі маман, реаниматолог, екі медбике мен екі санитардан құралған бригада болуы керек», - дейді ол.

Сондай-ақ облыс бойынша коронавирус күдігі бар науқастарды тексеріп, тасымалдайтын арнайы жедел жәрдем топтары құрылған.

«Жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың эпидемиологиялық маусымын ескере отырып, IV санаттағы шақыртуларға (температура, қан қысымының көтерілуі) қызмет көрсететін қосымша көліктер жұмылдырылды. Бұдан бөлек, аймақта жедел жәрдемге көмек ретінде тағы да 100 көлік қарастырылған», - дейді Ілияс Мұхамеджан.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда 14 адамның карантинде жатқаны хабарланған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT