ШҚО дәрігерлері науқастың өмірі үшін он сағат бойы күресті

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде кардиохирургтар аортасы қатпарланған ер адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, пациент кардиологиядағы ең күрделі диагноздардың бірімен шұғыл түрде Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасына түсті.

51 жастағы ер адам өзін көшеде жайсыз сезінген, алайда көлігіне мініп, әйеліне қоңырау шалады. Инфаркт симптомдарымен «жедел жәрдем» көлігімен ауруханаға жеткізіледі, жасалған коронарографияның көмегімен инфаркт расталмады.

КТ-ның нәтижелері бойынша аортаның қатпарлануы диагнозы қойылды. Дәрігерлердің айтуынша жүректен жамбасқа дейін бүкіл тамыр зақымданған. Мұндай патология қолқаның сөзсіз жыртылуына, сондай-ақ жиі жағдайда өлімге әкеледі.

Ер адам операция үстелінде өлім аузында болды. Түні бойы кардиохирургтар Дастан Қадырбаев, Шыңғыс Балтабеков, анестезиолог Олжас Рахымғалиев, перфузиолог Әсет Нұрахатов күрделі операция жасады. Операция 10 сағатқа созылды. Пациент жасанды қан айналымына қосылды, оның денесі 29 градус Цельсийге дейін салқындатылды. Аортадан басқа, аорта қақпақшасы да зақымданған екен. Ол механикалық қақпақшаға ауыстырылды. Дәрігерлер аортаның барлығын дерлік жасанды тамырға ауыстырды. Оң жақ бұғанаасты артериясынан ұйыған қан алынды. Тек таңғы сағат 8.00-де ғана шаршаған, бірақ өздеріне дән риза хирургтар бригадасы операция бөлмесінен кетті.

«Дәрігерлер таңқаларлық керемет жасады. Менің өмір сүру мүмкіндігім өте аз болғанын білемін. Бірақ мен өзім үшін емес, жақындарым мен балаларым үшін алаңдадым. Дәрігерлер менің өмірімді сақтап қана қалған жоқ, сонымен қатар туыстарымды да қасіреттен аман алып қалды. Осы түні мен үшін алаңдаған жандардың барлығы – әйелім, ата-анам, балаларым, достарым, сыныптастарым біздің қаламызда нағыз мамандар бар екенін түсінді», - дейді ризашылық білдірген пациент Болат Калиакперов

ШҚО облыстық ауруханасының кардиохирургы Дастан Қадырбаевтың айтуынша, операция жай ғана күрделі болған жоқ - бұл күрделіліктің ең жоғары деңгейі болды.

«Жүргізілген хирургиялық араласу өте ауыр - күрделіліктің жетінші деңгейі – бүкіл деңгейдің ең жоғары деңгейі болды. Өкінішке орай, медицинаның барлық жетістіктеріне қарамастан мұндай патологиядағы өлім деңгейі өте жоғары. Бірақ біз бұл пациентті аман алып қалдық», - деп атап өтті Дастан Қадырбаев.

Операциядан соң екі апта өткеннен кейін ер адам өзін жақсы сезіне бастады, дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалайды. Әрі қарай оңалту орталығында емін алып, оңалтудан өтетін болады.


Соңғы жаңалықтар