ШҚО дәрігерлері 2021 жылы оқыс оқиғадан зардап шеккен 289 адамға көмекке келген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облыстық Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері былтыр оқыс оқиғадан зардап шеккен 289 адамға көмекке келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Апаттар медицинасы орталығының ақ халаттылары әрдайым алдыңғы қатарда.

Олар түрлі апаттар мен төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге көмектеседі.

«Апаттар медицинасы орталығы мен жедел жәрдем арасындағы айырмашылық – аумақтық қамтуда. Жедел жәрдем қызметі қала және жақын маңдағы аудандарда жұмыс істейді. Ал Апаттар медицинасы орталығы шалғай және жетуі қиын жерлерге барады. Орталықтың облыстық филиалында 11 дәрігер бар. Олар көбінесе жол-көлік оқиғаларына жиі аттанады», - делінген ақпаратта.

Сәуір айында медицина қызметкерлері құтқарушылармен бірге тікұшақпен Риддер қаласына ұшқан. Онда ер адам адасып, аяғын сындырып, үйіне өз бетінше орала алмады.

Дәрігерлер оған оқиға орнында көмек көрсетті. Кейін азамат тікұшақпен эвакуацияланды.

Жалпы 2021 жылы орталық дәрігерлері түрлі төтенше жағдайларға 600-ден астам рет жол тартып, зардап шеккен 289 адамға көмектесті.


Соңғы жаңалықтар