ШҚО-дан Ресей мен Қытайға пойыз және автобус уақытша қатынамайды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Шығыс Қазақстан облысынан Ресей мен Қытайға қатынайтын автобустар мен пойыздар уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ШҚО Аймақтық комуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов айтты.

«Өскемен-Мәскеу», «Өскемен-Новосібір», «Ташкент-Новосібір», «Алматы-Новосібір», «Бішкек-Новосібір», «Томск-Риддер» бағыттарындағы жолаушылар қатынасы тоқтатылады. Сондай-ақ «S7» авиакомпаниясының мәліметінше, осы жылдың 31 мамырына дейін әуе рейстеріне уақытша шектеу қойылған. Ал билет алып қойған жолаушыларға ақшалары қайтарылып беріледі», - деді ол.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстандағы 4 әуежай, 21 теміржол стансасы, үш автовокзал, 10 автостанса мен жолаушыларға қызмет көрсететін 12 пункте күніне үш рет дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар