ШҚО-дағы жол апаты: көлікке қыстырылып қалған ер адам құтқарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жол апатында көлікке қыстырылып қалған ер адамға құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Үржар ауданындағы «Мақаншы-Келдімұрат» тасжолының 10-шы шақырымында болған.

«Mitsubishi Space Wagon» және «Lada Priora» маркалы автокөліктер соқтығысты. Соның салдарынан «Mitsubishi» көлігінің жүргізушісі темірге қыстырылып, шыға алмай қалған. Көп ұзамай оқиға орнына құтқарушылар келіп жетті.

«№54 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері екі автоцистернаның көмегімен көлік шанағын созып, 1978 жылғы ер адамды шығарып алды. Зардап шегуші бірден жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар