ШҚО-дағы жер үйлерде өрт қауіпсіздігін бұзудың 99 230 фактісі анықталды

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың 99 230 фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт шығуының және азаматтарға иіс тиюдің алдын алу үшін жеке тұрғын үй секторында кең ауқымды алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

«Жылыту кезеңінің басынан бері ТЖД қызметкерлері 423 567 үйді аралап шықты. Белгілі болғандай, халықтың көбі пешті бұзушылықтармен пайдаланады. Тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың 99 230 фактісі анықталған. Оның ішінде 45 311-і пешті пайдалануға байланысты болып отыр», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, департамент мамандары жүргізген ұсынымдар мен нұсқаулықтардың арқасында 17 816 бұзушылық сол жерде жойылды.


Соңғы жаңалықтар