ШҚО-дағы жер үйлерде өрт қауіпсіздігін бұзудың 25 мыңнан астам фактісі анықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы жер үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың 25 мыңнан астам фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар тұрғын үй секторын аралап, тексеру жүргізді. Мұндағы мақсат – электрмен жылыту құралдарын және пешті пайдалану кезінде шығатын өрттердің алдын алу.

«Бүгінгі таңда барлығы 58 168 жер үй тексерілді. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын 8172 үй бар. Соның нәтижесінде, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың 26 354 фактісі анықталды. Атап айтқанда, жылыту жүйесіне байланысты – 10 748, электр жабдықтарын пайдалануға қатысты – 9505, басқа да бұзушылықтар – 6101. Қазірде 3976 олқылықтың орны толықтырылған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ рейд барысында департамент мамандары тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратты.


Соңғы жаңалықтар