ШҚО-дағы жағажайлардың 10%-ы ғана демалушыларды қабылдауға дайын

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы жағажайлардың 10%-ы ғана демалушыларды қабылдауға дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстанда шомылуға рұқсат етілмеген 64 орын бар. Тексеру нәтижесінде, жағалаулардың көбінде балалардың шомылатын орындары жабдықталмағаны, құтқарушылар мен дәрігерлердің стационарлық бекетінің жоқ екендігі анықталған.

«Өңірдегі барлық демалыс базаларының иелеріне су қоймаларында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау қажеттігі туралы хаттар жіберілді. Департамент мамандары осы уақытқа дейін 32 қоғамдық құтқарушыны оқытты. Қазіргі уақытта тағы 42 адам оқытылып жатыр. Бұдан бөлек, әкімдікпен бірге жағажайларға қауіпсіздік белгісін орнату жұмыстары жүргізілді. Нақты айтқанда, шомылуға болмайтын жерлерде 123 тыйым салу және ескерту белгісі қойылған», - деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта өңір жағажайларының 10%-ы ғана демалушыларды қабылдауға дайын. Жағажайлардың көбісінде құтқарушы жетіспейді.

Айта кетейік, жыл сайын Шығыс Қазақстанда 30-дан астам суға кетеді.



Соңғы жаңалықтар