ШҚО-дағы зертханаларда 1,4 млн ПЦР-сынама тапсырылды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары коронавирус пандемиясы басталғалы бері зертханаларда 1,4 млн рет ПЦР-сынама тапсырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, СOVID-19 пандемиясы басталғалы өңір бойынша жалпы саны 59 275 адам вирус жұқтырған. Оның ішінде 47 503 науқаста аурудың симпомдары байқалды.

«Соңғы тәулікте 20 адамнан коронавирус анықталды. Ал емделіп шыққандар саны – 55. Қазіргі таңда стационарлардағы төсек-орын қорының қамтылу деңгейі – 11,9 пайыз. 25 симптомсыз вирус тасушы үй карантинін аяқтады», - делінген ақпаратта.

Бүгінде Шығыс Қазақстан бойынша ПТР-сынамаларды тексеруді 19 зертхана жүргізеді. Осы уақытқа дейін облыс жұртшылығы сол зертханаларда 1 390 386 рет сынама тапсырған. Оның 4,3%-ында коронавирус табылды.


Соңғы жаңалықтар