ШҚО-дағы үйдің ауласынан азаматтық соғыс кезіндегі снаряд табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында жеке үйдің ауласынан азаматтық соғыс кезіндегі снаряд табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК-ға сілтеме жасап.

Ведомствоның ақпараты бойынша, 8 мамырда 13.15-те 13.15 кентіндегі жеке үйдің ауласынан жер жырту кезінде снарядқа ұқсайтын зат табылды.

«Арнайы іс-шаралар барысында табылған заттың азаматтық соғыс кезіндегі артиллериялық снаряд (тот басқан, ұзындығы 25-30 см, диаметрі 7-8 мм) екендігі анықталды», - делінген хабарламада.

15.20-да кенттен 3 шақырым қашықтықта снарядты жарып, жойды. Ешкім зардап шекпеді, деп нақтылады ТЖК-да. 


Фото:www.168.ru  

Соңғы жаңалықтар