ШҚО-дағы «Ұлы дала алтыны» көрмесі Кембридж музейіне қойылмақ

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы «Ұлы дала алтыны» көрмесі биыл Ұлыбританияның Кембридж музейіне қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы облыс әкімдігінің отырысында аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді.

«Өңір аумағында табылған 26 мың жәдігер түрлі музейлердің экспозицияларына сән бәріп тұр. «Ұлы дала алтыны» көрмесі биыл Ұлыбританияның Кембридж музейіне қойылады. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстандағы археологиялық зерттеулерді екі жетекші ғалым Зейнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаев жалғастыруда», - деді ол.

Өткен жылы Тарбағатай ауданындағы Елеке сазынан 800-ден астам алтын зергер бұйымы, оның ішінде Сақ билеушісіне тиесілі ат-әбзелдері табылған болатын. Бұл біздің заманымызға дейінгі V-IV ғасырлардың еншісіндегі жәдігерлер.

«Ғалымдар қазір қазақ мемлекеттілігінің алғашқы кезеңі туралы трилогия дайындап жатыр. Осы кезеңге қатысты барлық мәліметтерді зерделеу үшін олар әлемнің жетекші кітапханаларына барады», - деді Даниал Ахметов.


Соңғы жаңалықтар