ШҚО-дағы Ұлан ауданында аю малға шапты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында аю малға шапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметіне сүйенсек, Ұлан ауданының тұрғыны сиырын аю жарып кеткеніне шағымданған. Оқиға орнына барған комиссия мүшелері жануар терісінің қалдықтарын, кемірілген сирақтарын тапқан.

«Сиырды аю өлтірді деп нақты айтуға келмеді. Ол өлген жануарды жеп кетуі мүмкін. Бір ай өткен соң сол азамат жыртқыш аңның тағы да малына шабуыл жасағанын айтты. Бұл жолы ер адам өлген сиырдың суретін жіберді. Осы жолы малға аю шапқаны көрініп тұр», - деді басқарманың орман және аңшылық шаруашылығы бөлімі жедел әрекет ету жасағы басшысының орынбасары Василий Ткаченко.

Қазіргі уақытта сол жерге тағы да комиссия мүшелері аттанды. Сиырдың өлексесі Манат ауылына барар жолдың маңынан табылған.



Фото: ainews.kz




Соңғы жаңалықтар