ШҚО-дағы түрмеге арыз-шағымдар қабылдайтын терминал орнатылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы колонияға өтініштер мен шағымдарға арналған электронды терминал орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ОВ-156/21 мекемесінде өтініштер мен шағымдарды жолдауға арналған тағы бір терминал орнатылды. Дәл осындай бірінші терминал колонияға 2021 жылдың сәуір айында орнатылған болатын.

Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, терминалдың артықшылығы – мұнда сотталған өтініш берудің формалды мерзімі келген кезде өз бетімен шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығуға, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыруға және қоныс колонияға ауысу жөнінде қолдаухатын сотқа жібере алады. Ең бастысы, заңды түрде қолдаухат жазуға мерзім уақыты келу керек. Сонымен қатар осы терминал арқылы ол белгілі бір құқық бұзушылық туралы арыз-шағымдарын прокуратураға, адам құқықтары жөніндегі басқа да мемлекеттік органдарға жібере алады.

«Шағым немесе өтініш беру үшін сотталғандарға жеке сәйкестендіру нөмірін енгізіп, саусақ ізімен растау қажет. Бұл өте қарапайым және технологияны білудің үлкен дағдыларын қажет етпейді. Менің ойымша, бұл өте ыңғайлы, өйткені сотталғандарға заңда белгіленген шағымдар мен өтініштерді жіберудің, олардың орындалу мерзімі туралы сұрақтар туындамайды. Терминал арқылы сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап ала алады», - дейді мекеме бастығының тәртіп және жедел жұмыстары бойынша орынбасары Уалихан Жумашев.


Соңғы жаңалықтар