ШҚО-дағы түрмеде тұшпара жасайтын цех ашылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы әйелдер колониясында тұшпара жасайтын цех ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жаңадан ашылған тұшпара цехында сотталған әйелдер жұмысқа орналасып, қарыздарын төлеуге мүмкіндік алды. Цехта шығарылатын жартылай фабрикаттар Жарма ауданының Шуақ, Жаңғызтөбе және Қалбатау ауылдарының тұрғындарына сатылады. Бүгінде цехта онда тұшпара, манты, фаршталған бұрыш және самса дайындалады.

«ОВ 156/21 мекемесінде сотталғандарды жұмысқа орналастыруға ерекше көңіл бөлінген. Себебі бұл оларға шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініштерін қарау кезінде көмектеседі. Сондықтан өңірдегі барлық колонияларда жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда», - деді департамент бастығының орынбасары Мақсат Сейтахметов.

Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан облысындағы түзету мекемелерінде жыл басынан бері 350-ден астам жұмыс орны құрылған.


Соңғы жаңалықтар