+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

ШҚО-дағы тасымалдаушы компания жұмысшыларына 6,2 млн теңге қарыз

2020 жылғы 12 тамыз 13:03
Бөлісіңіз:
ШҚО-дағы тасымалдаушы компания жұмысшыларына 6,2 млн теңге қарыз

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жолаушы тасымалдайтын компания - «Semey Bus» ЖШС-ға жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, 72 заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Әбілқайыров жүргізілген тексерудің қорытындысын айтты.

«Тексеру барысында Еңбек кодексін бұзудың 72 фактісі анықталды. Нәтижесінде аталған ЖШС еңбекақының әр кешіктірілген күні үшін жұмысшыларға 4 522 887 теңге көлемінде өсімпұл, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша 41 760 теңге жәрдемақы, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін 830 841 теңге өтемақы, 2019 жылдың қазанынан 2020 жылдың маусымына дейінгі кезеңдегі жалақы берешегі (43 адам) 878 651 теңге және үстеме жұмыс, мереке мен демалыс күндеріне ақы төлеуге міндеттелді», - дейді ол.

Осылайша, «Semey Bus» ЖШС-нің жұмысшылар алдындағы жалпы қарызы 6 274 139 теңгені құрайды.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары заңбұзушылықтарды 2020 жылдың 31 тамызына дейін жою туралы нұсқама берді. Бұдан бөлек, заңды тұлғаға 120 АЕК (333 360 тенге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT