ШҚО-дағы Тарбағатай ауданында 25 тонна шөп өртенді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында 25 тонна шөп өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 12 қарашада сағат таңғы 04.00-де Тарбағатай ауданының Ойшілік ауылында екі жеке тұрғын үйдің ауласындағы 25 тонна шөп жанып кеткен. Белгілі болғандай, бір үйдің маңайындағы шөпті шарпыған жалын лезде көршісінің аумағына қарай жайыла бастады.

«Өрт сөндірушілер тілсіз жауды сағат 08.55-те толықтай ауыздықтады. Өрттің шығу себебі – отпен абайсыз әрекет етуден немесе қасақана өртеуден болуы мүмкін», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, жалынды сөндіруге 6 адам мен 2 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар