ШҚО-дағы табиғи қорықта 100 гектарға жайылған өрттің беті қайтпай жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында өрт сөндірушілер «Құлынжон» мемлекеттік табиғи қорығындағы 100 гектарға жайылған қызыл жалынмен күресіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, «Құлынжон» мемлекеттік табиғи қорығында бұта мен шөп өртенген. Қатты желдің салдарынан тілсіз жау лезде жан-жаққа жайылып кетті.

«Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер сол жерде жалынмен күресіп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша от 100 гектар аумақты шарпыған. Өртті ауыздықтауға құтқарушылар, жергілікті атқарушы орган өкілдері мен орманшылар тартылды. Барлығы 50 адам мен 9 техника жұмылдырылған»

, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бұдан бөлек, Ұлан ауданындағы Асубұлақ орман шаруашылығында да өрт шыққан. Жалпы ауданы 50 гектарға жеткен қызыл жалынды өшіруге 149 адам мен 2 тікұшақ тартылды.



Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда бір күнде 26 дала өрті тіркелгенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар