ШҚО-дағы су тасқыны: Зырян ауданының тұрғындары жөнделген үйлеріне кіріп жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Зырян ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен үйлердің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көктемгі тасқын ауданда барлығы 414 үйді алып, 192 ауланы бүлдірген болатын. Су алған үйлерді қалпына келтіру жұмыстары сәуір айында басталған.

Осы аралықта жөндеуге жататын үйлердің барлығы жаңаша келбетпен қолданысқа беріліп, тұрғындар өз үйлеріне кіре бастады. Әкім жолыққан тұрғындардың барлығы жөндеу жұмыстарының сапасына көңілдері толатынын айтып жатты.

null    «Үйімізді өз күшімізбен қалпына келтіре алмайтынымыз анық еді. Ең бастысы апатпен бет-бет келгенде қасымызда мемлекет өкілдері болды. Ұдайы халімізді сұрап, мұқтаждықтармызды біліп отырды. Еріктілер де, қарапайым адамдар да көмек қолын созып жатты. Үйіміз бұрынғыдан жаңалана түскен сияқты» - дейді Елена Чигинцева есімді тұрғын.

Ал Оксана Коприкова есімді тұрғынның баспанасы мүлде жарамсыз күйге түскен екен. Қазір ол жаңадан берілген пәтерде тұрып жатыр. Көрсетілген көмекке ол да разы екенін айтты.

Даниал Ахметов болса, тұрғындарды қысылтаяң кезеңде төзімділік танытқандары үшін алғыс білдірді.

null«Сіздерге көмектесу арқылы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын орындадық. Ол бір де бір қазақстандық өз қиындығымен жалғыз қалмау керектігін тапсырған болатын. Тұрғындардың көңілі жайлы екенін көріп мен де қуанып тұрмын» - деді ол.

nullАпаттың ауқымы орасан болғанына қарамастан, зыряндықтардың болашаққа деген сенімі нық. Олар тіпті ылғалды көкмтемнің диқандарға пайдалы болғанын айтады. Биыл бұл ауданда егін бітік шығады деген болжам бар.

null

Соңғы жаңалықтар