ШҚО-дағы су тасқыны: Жағдай қалыпқа келуде

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Су тасқынынан зардап шеккен Өскемен, Аягөз, Глубокое, Шемонаиха, Қатонқарағай аудандарында қазір жағдай тұрақталып жатыр. Қазір 1914 тұрғын үйлеріне оралған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Наурыз айының басынан бері Шығыс Қазақстан облысында 1371 үйді су басқан.  Ал бүгінгі күні Зырян ауданында 308 үй Бұқтырма өзеніндегі су деңгейі 1,5 метрге көтерілуінен су астында қалып отыр. Бір ай бойы өңірден 3 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, сараптама жүргізілген 83 үй қайта қалпына келтіруге жарамайды. Атап айтқанда  Өскеменде - 7, Аягөзде - 35, Глубокое ауданында - 21, Шемонаиха ауданында - 16, Қатонқарағай аудандарында - 4 үй.

Жалпы, су тасқынының салдарын жою үшін облыс бюджеті резервінен 689,2 млн теңге қарастырылған. Бүгінгі күні тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарына 195 миллион теңге бөлінді. (Аягөз ауданына - 80 миллион, Шемонаихаға - 40 миллион, Глубокое ауданына 75 миллион теңге).

Сондай-ақ «Парыз» облыстық қоғамдық қоры арқылы тұрғын үйді сатып алуға және көмекке 150 млн. теңге бөлінген. Және аудандарда да  зардап шеккендерге ақша жинау үшін арнайы есепшоттар ашылды. Мысалы, «Шемонаиха Болашақ», «Зырян - біздің  қала», «Даму», «Аягөз Болашақ», «Асыл» қоғамдық қорлары. Материалдық және қаржылық көмек Астана, Павлодар, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарынан келеді.

Су тасқынының салдарын жою кезінде Шығыс Қазақстан облысы ТЖД-ның 407 техникасы мен қызметкері тартылды. Сондай-ақ, көмекке Ұлттық Ұлан, әкімдік, коммуналдық қызметтердің қызметкерлері тартылды.

Ал су тасқынынан кейін қоқысты тазалау жұмыстарын 3100 ерікті жүргізді. Олардың арасында мемлекеттік қызметшілер, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, студенттер, партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері бар.  Қазір арнайы комиссия келтірілген залалды бағалауда.  Ал баспанасыз қалған 20 тұрғын жаңа үйдің кілтін алған. Оның 16-сы Аягөз ауданының тұрғыны болса, 4 -еуі қатонқарағайлық.  

 

Соңғы жаңалықтар