ШҚО-дағы стационарларда коронавирус жұқтырған 489 адам емделіп жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы стационарларда коронавирус жұқтырған 489 адам емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша соңғы тәулік ішінде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 42 адам тіркелді.

Оның ішіндегі 38 науқаста симптом бар болса, 4 адам вирусты симптомсыз өткеруде.

«Бір күнде 42 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. 8 симптомсыз вирустасушы үй карантинін аяқтады. Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 489 пациент ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы облыс стационарларда төсек-орынның қамтылуы – 17,2%-ды құрайды», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда қарашаның соңына дейін 650 адам ревакцинациядан өтуі тиіс екендігін хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар