ШҚО-дағы стационарларда 300-ден астам науқас коронавирустан емделуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы стационарларда 300-ден астам науқас коронавирустан емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде соңғы тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 75 адам тіркелді. Оның ішіндегі 64 науқаста симптом бар болса, 11 адам сырқатты симптомсыз өткеруде.

«Бір күнде 32 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 317 науқас ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы Шығыс Қазақстандағы стационарларда төсек-орын жүктемесі – 15,7 пайызды құрайды», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қазақстанда өткен тәулікте 1508 адамнан коронавирус анықталғаны хабарланған.


Соңғы жаңалықтар