ШҚО-дағы стационарларда 217 адам коронавирустан емделіп жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы стационарларда 217 адам коронавирустан емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде соңғы тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 25 адам тіркелді. Оның ішіндегі 21 науқаста симптом бар болса, 4 адам сырқатты симптомсыз өткеруде.

«Бір күнде 34 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 217 науқас ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы Шығыс Қазақстандағы стационарларда төсек-орын жүктемесі – 10,1 пайызды құрайды», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін елімізде өткен тәулікте 523 адамнан коронавирус инфекциясының анықталғаны хабарланған.



Соңғы жаңалықтар