ШҚО-дағы «Өскемен-Самарское» күрежолында көшкіндер түсірілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен-Самарское» күрежолында «Қазселқорғау» облыстық филиалы мен облыстық ТЖ департаментінің бірлескен күшімен қар көшкіндерін алдын ала түсіру іс-қимылдары өткізілді.

ШҚО ТЖ департаменті тұрғындарға қар көшкіні түсірілетіні туралы алдын ала ескерткен. Жолдың бұл учаскесі уақытша жабық болған. Жарылыстар үш аймақта жүргізілген. Қар көшкіндерін алдын ала түсіруге небәрі 30 минут қажет болды - жалпы алғанда 9300 текше метр қар массасы түскен.

Жолды тазалау жұмыстарына «Облшығысжол» КМК-ның 7 техникасы бөлінген. Сағат 14:00-де жол ашылды.

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанда қар көшкіні жүру қаупі үлкен аймақтардың бірі. Облыс аумағында 500-ге жуық қар қордаланған жер анықталған, соның ішінде 330-дан астам ошақ нысандар мен адамдардың өміріне қауіп төндіріп отыр. Қар көшкіні жүруі мүмкін қауіпті жерлер - күрежолдардың маңы. Мамандардың есептеуінше, күре жолдардың 260 шақырымға жуық учаскесі қар көшкіндерінен зардап шегуі мүмкін. Қар көшкіндерінің ең көп ошағы (22) Таулы Үлбіде байқалған.

Соңғы жаңалықтар