+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

ШҚО-дағы өрт бір адамның өмірін қиып кетті

2021 жылғы 10 мамыр 20:42
Бөлісіңіз:
ШҚО-дағы өрт бір адамның өмірін қиып кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Риддер қаласының іргесіндегі өрт бір әйелдің өмірін жалмады. Тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақсуда қарттар үйінен өрт шығып, бір адам зардап шекті ШҚО-да ауылға барып жұмыс істейтін 100-ден астам дәрігерге үй беріледі ШҚО-да 197 милионнан астам ағаш отырғызылмақ

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті.

«Өрт сөндіру жұмыстарын екпіні секундына 20 метрге жететін қатты жел қиындатуда. Желдің салдарынан өрт Лесхоз кентінің 14 үйіне жайылды. Құтқарушылар Лихачев көшесінің 10 тұрғынын эвакуациялады. Өрт ошағында орман шаруашылығы жеке құрамының, жергілікті атқарушы органдардың және облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 118 адамы және 20-дан астам техникасы жұмыс істеп жатыр. Қазір жанып жатқан орман алаңы 310 гектарға жетті», - дейді министрліктің ресми өкілі.

Оның сөзінше, өрт сөндірушілерге орман күзетінің МИ-8 және МИ-2 тікұшақтары көмекке келіп, әуеден 17 500 текше метр су төккен.

«Жедел жәрдем желісі бойынша Лесхоз кентінен 1949 және 1980 жылғы күйік шалған екі ер адам жергілікті аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілгені туралы ақпарат келіп түсті. Полиция қызметкерлері жалын шарпыған аумақтағы төбешіктен 1948 жылы туған әйелдің мәйітін тауып алды. Мән-жайлар мен деректер нақтылануда.

Алдын ала нұсқа бойынша мамандар қасақана өрт қою және отты абайсыз қолдану нұсқаларын қарастыруда», - дейді Талғат Уәли.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT