ШҚО-дағы орман өртін сөндіруге тікұшақ жіберілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - МИ-8 өрт сөндіретін ұшағы Өскеменнен Семейге аттанды. Орман өртін сөндіруге көмек ретінде тағы 2 су тасығыш көлік жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қатты жел өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатып жіберді. Жеке құрам мен орман шаруашылығының қызметкерлері қою түтіннен ештеңені көре алмай жүр. Синоптиктердің мәліметіне қарағанда, сағат 15:00-де ауа температурасы орманда 27 градус нөлден жоғары болған», - делінген хабарламада.

Өрт шамамен 10-12 гектар ауданды шарпыған. Жақын маңдағы елді мекендерге қауіп төнуіне қатысты әзірге мәлімет жоқ.

Жалынды сөндіруге 35 өрт сөндіруші, 10 автоцистерна, сондай-ақ орман шаруашылығының 40 қызметкері мен 18 арнаулы техникасы жұмылдырылған. 2 трактор өрт таралуын тоқтату үшін орман аумағын айнала жыртып жүр.

Семей қалалық ТЖБ гарнизоны қосымша күштер мен қаражат жіберу қажеттігін айтып дабыл қағуда.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Семей орманы» табиғи резерваты аумағындағы қарағай орманы өртеніп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар