ШҚО-дағы орман өрті толықтай сөндірілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданындағы қарағайлы орманда шыққан өрт толық сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 30 сәуірде сағат 10.10-да «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағындағы орман өрті сөндірілген.

«Қазіргі уақытта өрт аумағында арнайы құрылған комиссия мүшелері тілсіз жаудың салдарынан келтірілген материалдық шығынды анықтауда. Қызыл жалын 3 948 гектар орманды шарпыған. Өртті сөндіруге Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменттерінің, Ұлттық ұланның 400-ден астам адамы жұмылдырылған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, 23 сәуірде Шығыс Қазақстанда қарағайлы орманынан өрт шықты. Келесі күні өртті сөндіру үшін Көкшетаудан МИ-26Т үлкен тікұшағы жіберілді. 24 сәуірде өрттің орман аумағында таралуы тоқтатылған еді.


Соңғы жаңалықтар