ШҚО-дағы мыс өндіретін компания қызметкерлерінің 90 пайызынан астамы вакцина алған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы ірі мыс өндіруші KAZ Minerals Тобының құрамына кіретін «Шығыстүстімет» ЖШС еңбек ұжымының 90 пайызынан астамы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

Бұл жайлы ҚазАқпарат тілшісіне KAZ Minerals Тобы корпоративтік байланыстар департаментінің менеджері Ермек Дүзкенев айтып берді.

«Шығыстүстімет» ЖШС қызметкерлерінің 90%-ынан астамы екпенің бірінші компонентін салдырған. Бұл шамамен 6400 адам. Вакцинаның екінші компонентін алған жұмысшылар саны – 3608. Бұл еңбек ұжымының 52%-ын құрап отыр. Сондай-ақ компаниясының өндірістік алаңдарындағы мердігерлік ұйымдардың 2 мың қызметкері екпенің бірінші компонентін , ал 1 мыңнан астамы екінші компонентін салдырып үлгерді», - дейді ол.

«Шығытүстімет» ЖШС - Қазақстандағы ірі мыс өндіруші KAZ Minerals Тобының құрамына кіретін компания. Оның өндірісі Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое, Шемонаиха және Бородулиха аудандарында орналасқан үш шахта мен екі кен байыту фабрикасында жүргізеді. Серіктестіктің құрамында бірқатар қосалқы және көмекші кәсіпорындар да жұмыс істейді.

«Компанияда маскалық режим мен әлеуметтік арақашықтық қатаң сақталуда. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылмауы үнемі бақылауға алынған. Еңбек ұжымы арасында вакцина қажеттілігі жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде» - деді Ермек Дүзкенев.


Соңғы жаңалықтар