ШҚО-дағы қонақ үй қызметкерлерінің 70 пайызы вакцина алған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы қонақ үйлердің қызметкерлері ерікті түрде вакцина алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жазғы туристік маусымда демалушылардың басым бөлігі қонақ үйлерге келетіні белгілі. Осы ретте ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктерімен бірлесіп, туристерді орналастыру орындарының қызметкерлерін кезең-кезеңімен вакцинациялау бойынша жұмыс жүргізуде.

«Республика бойынша қонақ үйлердің ең қөбі – Шығыс Қазақстанда. Яғни, келушілерді орналастырумен айналысатын 560 объекті бар. Індетке қарсы вакцина алудың алдыңғы қатарында туризм қызметкерлері болуы керек. Коронавирустан сақтанудың ең тиімді жолы ол – вакцина алу. Осыған орай кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін жұмыс орнында көшпелі мобильді топтардың жұмысы ұйымдастырылды», - деді ШҚО Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Марат Қабақов.

Қазіргі уақытта қонақ үйлердің еңбек ұжымы ерікті түрде вакцина ала бастады. Себебі олар туристермен тікелей байланыста болады. Екпенің бірінші кезеңін алған қонақ үй қызметкерлерінің саны 70 пайызға дейін жетті.


Соңғы жаңалықтар