ШҚО-дағы кәсіпорын вакцина алған жұмысшыларына ақшалай сертификат беріп жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындардың бірі вакцина алған жұмысшыларына ақшалай сертификаттар беруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

COVID-19 вакцинациясының толық курсынан өткен KAZ Minerals тобы компаниясының қызметкерлері 30 мың теңге сомасына тұрмыстық техника дүкенінің сертификатын алып жатыр. Бұндағы мақсат - халықтың жаппай вакцинациялануын қолдау. Акция осы жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.

Вакцинаның екі компонентін де алатын кәсіпорынның барлық қызметкерлеріне қолында вакцинация паспорты бар болса, осындай сертификат беріледі. Оған тұрмыстық техникалар дүкенінен ұнаған тауарын сатып ала алады«, – деді KAZ Minerals тобы Корпоративтік байланыстар департаментінің менеджері Ермек Дүзкенев.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-дағы тағы бір кәсіпорынның вакцина алған жұмысшыларына демалыс орнына жолдама беріп жатқанын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар