+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

ШҚО-дағы фтизиопульмонология орталығында жыл сайын 400-ге жуық операция жасалады

2021 жылғы 20 маусым 11:16
Бөлісіңіз:
ШҚО-дағы фтизиопульмонология орталығында жыл сайын 400-ге жуық операция жасалады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облыстық фтизиопульмонология орталығында жыл сайын 400-ге жуық операция жасалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жылыту маусымына дайындық: Семей тұрғындары үшін 260 мың тонна көмір жеткізілмек ШҚО-да жол апатынан 1 адам көз жұмып, 2 адам жарақат алды ШҚО-да биыл Qoldau 24/7 қосымшасы арқылы 600-ден астам шағым түскен

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, туберкулезді емдеуде хирургиялық әдістің маңызы зор. Кейде бұл - аурудан сауығып шығудың жалғыз жолы болады. Облыстық фтизиопульмонология орталығында жыл сайын туберкулезді диагностикалау және емдеу үшін 400-ге жуық хирургиялық операциялар мен манипуляциялар жасалады.

Орталық хирургтары тек өкпе туберкулезін ғана емес, сонымен қатар тері, ішек туберкулезіне сәтті ота жасай біледі. Соңғы бес жылда туберкулезді диагностикалау және емдеу үшін қақырықты зерттеудің жаңа әдістері енгізілді.

40 жыл осы салада тер төгіп келе жатқан Сағи Қожабаев ота үстелінде мыңдаған сағатын өткізіп, жүздеген адам өмірін сақтап қалған. Орталық хирургтері Болат Еңшібеков, Расул Қадырұлы, Ернұр Базаров оның шәкірттері. Сондай-ақ 20 жылдан астам уақыт бойы Гүлмира Тоқтарханова мен Ләйлә Бәкішева фтизиопульмонологиялық орталықтың терапевтік бөлімінде науқастардың өмірі мен денсаулығы үшін күресіп келеді», - делінген хабарламада.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT