ШҚО-дағы екі қалада автобус жолақысы 120 теңгеге қымбаттайды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы екі қалада автобус жолақысы 120 теңгеге қымбаттайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алтай ауданындағы Алтай және Серебрянск қалаларында осыған дейін қоғамдық көлік жолақысы 80 теңге болған. Енді ол 120 теңгеге дейін көтеріледі. Бұл туралы ШҚО ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында аудан әкімінің орынбасары Жанна Асқарова мәлім етті.

«Автобус жолақысы соңғы 5 жыл бойы қымбаттамаған. Тасымалдаушылар үлкен шығынға ұшырап жатқандықтарын айтуда. Себебі жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектер бағасы өсіп кеткен. Соған байланысты жолақы 120 теңгеге дейін көтеріледі. Қазір тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қажетті құжаттарды дайындап жатыр», - дейді ол.

Еске салсақ, былтыр Өскеменде трамвай жолақысы қымбаттаған болатын.


Соңғы жаңалықтар