+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

ШҚО-дағы дала өртіне байланысты сот сараптамалары тағайындалды

2021 жылғы 11 мамыр 12:23
Бөлісіңіз:
ШҚО-дағы дала өртіне байланысты сот сараптамалары тағайындалды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы дала өртіне байланысты сот сараптамалары тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО түрмелерінде 254 медицина қызметкері еңбек етіп жүр Өскеменде коронавирусқа қарсы вакцина салатын жаңа пункттер ашылды Cемейде 177 жылдық тарихы бар ғимараттың бұзылуына байланысты тергеу жүргізілмек

Бұл жайлы ШҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ШҚО ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов мәлім етті.

«Полиция қызметкерлері 10 мамырда шыққан алапат өртке байланысты ҚР ҚК-нің 204-бабы 2-бөлігіне сәйкес (отпен абайсыз жұмыс iстеу арқылы жасалған не ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған. Аталған бап бойынша 2 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Күдікті ретінде бұрын сотты болмаған, 35 жастағы Риддер қаласының тұрғыны ұсталды . Оның абайсыздығы осындай ауыр салдарға әкеп соқты», - деді ол.

Полиция департаментімен құрылған арнайы жедел-тергеу тобының қызметкерлері бейнежазбаларды зерделеп, куәлардың жауаптарын мұқият тексеруде. Сондай-ақ тиісті сот сараптамалары тағайындалған.

Қылмыстық істі тергеу ҚР Ішкі істер министрлігінің бақылауына алынды. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT