ШҚО-дағы дала өртін сөндіруге қосымша күш тартылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында өрт сөндірушілер кешелі бері қызыл жалынмен күресіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 9 тамыз күні Күршім ауданында шамамен сағат 14.00-де шөп өртенген. Лезде тараған өрт 40 гектар аумаққа жайылып кеткен. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар осы уақытқа дейін өртпен үздіксіз күресуде.

«Бүгін таңертең Өскемен қаласынан тағы 20 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Қазіргі уақытта оқиға орнында жеке құрамнан 14 адам мен 3 техника, Қаратоғай бекініс пунктінен 5 адам мен 1 автоцистерна, Урунхай орман шаруашылығынан 6 адам мен 1 техника, Боран орман шаруашылығынан 5 адам мен 1 техника және жергілікті атқарушы орган мен тұрғындардан 25 адам тілсіз жаумен күресіп жатыр», - делінген хабарламада.

Қызыл жалынды ауыздықтауға аталған жердің техника қозғалысына ыңғайсыздығы және қатты соққан жел кедергі келдіруде.




Соңғы жаңалықтар