ШҚО-дағы дала өрті ауыздықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы дала өрті ауыздықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 9 тамыз күні Күршім ауданында сағат 14.00-де шыққан тілсіз жау бүгін таңертең ауыздықталды.

«Сағат 09.00 шамасында 40 гектар аумаққа жайылған өрттің беті қайтарылды. Қазіргі уақытта оқиға орнында кешелі бері жұмылдырылған құтқарушылар жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Күршімде ашық далада шөп өртенгенін хабарлаған болатынбыз. 10 тамызда қызыл жалынмен күреске Өскемен қаласынан тағы 20 өрт сөндіруші тартылған.


Соңғы жаңалықтар