ШҚО-дағы Бұқтырма өзенінде мұзды жару жұмыстары жүргізілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма өзенінде мұзды жару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша су тасқынының алдын алу үшін мұзды ұсақтау шаралары жүргізіліп жатыр.

- Алтай ауданы Зубовск кентіндегі Бұртырма өзенінде мұз жарылды. Жалпы көлемі 1238 келі жарылғыш зат пайдаланылды.Осы учаскедегі қауіпсіздікті құтқарушылар мен полиция қызметкерлері қамтамасыз етті, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, өңір бойынша өзендердегі қар қоры орташа көпжылдық деңгейде. Облыстағы 108 елді мекенді су басу қаупі бар. Жалпы Шығыс Қазақстанда 2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың жол картасы шеңберінде 162 млн теңгеге 11 шара жүзеге асырылған.


Соңғы жаңалықтар