ШҚО-дағы Бородулиха ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімі болып Ахметқали Нұрғожин тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ахметқали Ахашұлы 1966 жылдың 25 мамырында бұрынғы Семей облысы Бесқарағай ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1983 жылы Бесқарағай ауданындағы автокөлік паркінде I санатты слесарь болып бастады.

1991-1997 жылдары Бесқарағай ауданында бас агроном, 2001-2002 жылдар аралығында Бесқарағай ауданының жер қатынастар инспекциясының бас маманы қызметін атқарды.

2005-2007 жылдары осы ауданда құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, 2007-2008 жылдары аудан әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2008-2015 жылдары Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары, 2015-2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болды. 2016-2019 жылдары аралығында Катонқарағай ауданын басқарған.

2019 жылдың сәуірінен осы уақытқа дейін Жарма ауданының әкімі болып еңбек етті.


Соңғы жаңалықтар