ШҚО-дағы бірнеше ауданда боранға байланысты екінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше ауданда боранға байланысты екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кейбір аудандарда ауа райы қолайсыздығына, нақты айтқанда боранға байланысты бүгін екінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды.

«Күршім ауданындағы Ақбұлақ, Ақсуат, Ақши, Қарашілік, Қаратоғай, Марқакөл ауылдарында және Глубокое ауданындағы Предгорный, Перевальный ауылдарындағы мектеп оқушылары онлайн форматта білім алады», - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстанда боранға байланысты екі жол жабылғандығын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар