ШҚО-дағы бес мектепте 600-ге жуық бала француз тілін үйренуде

Фото:
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы бес мектепте 600-ге жуық бала француз тілін үйренуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір мектептерінде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен бөлек, неміс, француз тілдері оқытылуда. Бүгінгі таңда бұл екі тілді бір жарым мыңнан астам оқушы оқып жатыр.

«Өңірдегі бес мектепте 600-ге жуық бала француз тілін үйренуде. Бұл мектептердің 17 мұғалімі француз тілінде сөйлейтін сертификатталған мамандардан білім алса, жеті ұстаз Францияға барып тағылымдамадан өтіп келген. Өткен жылдың соңында екі ел арасындағы өзара ынтымақтастық аясында Франциядан келген волонтер Ален Герен мектептерге француз тіліндегі ғылыми, әдістемелік және балалар әдебиеттерін тапсырды», - делінген ақпаратта.

Шығыс Қазақстанның алты мектебінде 900-ден астам бала неміс тілін оқиды. Осы орайда Қазақстан мен Германия білім ордалары арасында ынтымақтастық жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар