ШҚО-дағы азаматтық институттар өңірдің дамуына тың серпін береді - сарапшы

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО-дағы азаматтық институттар өңірдің дамуына зор ықпал етеді. Облыстағы билік органдарының мемлекеттік емес ұйымдармен қарым-қатынасы конструктивтік негізде құрылған, өңірдің дамуына байланысты көптеген мәселелерді шешу барысында олардың пікірі мен сараптамалық бағалары ескеріледі, - деді дөңгелек үстел барысында ШҚО Сараптау және болжау институтының директоры, облыстық мәслихаттың депутаты, «ШҚО азаматтық альянсы» ЗТБ өкілі О.Чернышев.

»Азаматтық Альянс ШҚО» ЗТБ диалогына саяси партиялардың , кәсіподақтардың, ардагерлер ұйымдарының, ҮЕҰ, қоғамдық қозғалыстардың жүзден астам өкілдері, қалалар мен облыс аудандарының әкімдері мен әкім орынбасарлары, «әлеуметтік» басқармалардың басшылары қатысты. Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев шақырылды.

Қоғамдық ұйымдар мен билік өкілдері аймақтағы қоғамдық саяси ахуал, азаматтық қоғам мен биліктің сындарлы ынтымақтастығын нығайту мәселелерін талқылады.

Әңгіме туындаған проблемаларды жергілікті жерде шешу жөнінде көтерілген азаматтық бастамаларды сонда қарау, бағаны бақылау, жастарға жұмыс орнын көбейту, патриоттық тәрбие, сыбайлас жемқорлықпен күрес, еңбек шарттары және оны орындау жайлы өрбіді.

Сондай-ақ қатысушылар еліміздің шығысында қадрлардың жетіспеушілігі жайлы да айтты. Бұл арада Қазақстанның ішкі көші-қоны, оның ішінде өңірге қажетті мамандарды даярлау арқылы «оңтүстіктен-шығысқа» көші-конының маңыздылығы ортаға салынды.

Тағы бір қозғалған тақырып - шет елдерде оқыған жастардың аймаққа оралуы. Мысалы, ҚР Педагогика ғылымдары академиясының мүше-корреспонденті Людмила Гейцман осы мәселеге орай өңірлік орталық құрудың өзектілігін жеткізді.

Облыстық кәсіподақ кеңесінің төрағасы Нұржан Тұрсынов болса, «әлеуметтік әріптестіктің» кейбір түйтілдерін тілге тиек етті. Оның пікірінше, білімсіздігінен еңбек ұжымында жиі дау-дамай шығатын жұмыс берушілердің еңбек заңдылықтарына «сауатын» көтеру қажет.

Ал облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Геннадий Бердюгин өз кезегінде жастар тәрбиесінде отбасында ғана емес, білім беру мекемелерінде де баса көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Сондай-ақ ол халықтың да өмірде болып жатқан оқиғалармен дер кезінде хабардар болуына көңіл бөлу жағына назар аударды. «Қоғам тарапынан туындаған мәселелерге жауап, ол қауесетке айналмай тұрып дер кезінде берілуі тиіс»,-деді ардагер.

Чернобыльдықтардың қоғамдық бірлестігінің өкілдері болса, шенеуніктердің немқұрайлылығына реніштерін білдірді. Бұл жайтты Семейден келген қоғамдық ұйымдардың өкілдері де қозғады.

Облыс әкімі дөңгелек үстелге қатысушыларға ашық әңгімелері үшін алғыс айтты. Оның айтуынша, аймақта саяси партиялардың сегіз филиалы, 600 мыңға жуық шығысқазақстандықтарды топтастырып отырған 703 қоғамдық ұйым бар. Өңір басшысы осында қатысып отырғандардың әрқайсысының елімізде тыныштық пен тұрақтылықты сақтау, қоғамды сыйлау, Отанға адал қызмет ету жолында атқарар міндеттері барлығына кеңінен тоқталды.

Атап өткен жөн, бұл соңғы аптадағы билік пен қоғам арасындағы қоғамдық-саяси өзара іс-қимылды кеңінен талқылаған екінші басқосу.

Бұдан бұрын хабарланғандай, өткен аптаның соңында тап осындай форматта және тақырыпта Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің кеңесі өткен еді.

Соңғы жаңалықтар