ШҚО-дағы ауылшаруашылық инновациясы жем-шөп базасын жүз есе арттыруға мүмкіндік береді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы технологиялық ноу-хау енгізуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда жем-шөп базасын жүз есе арттыруға мүмкіндік беретін гидропонды жүйе енгізу бағытында келіссөздер жүргізілуде. Инновациялық қондырғы шағын аумақта үлкен жем көлемін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңірдің ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Бұл қондырғы, әсіресе, шағын шаруа қожалықтарына тиімді. Мысалы, 2 сотық жерден жылына 730 тонна өнім алуға болады. Оны шығаратын «KazAgroGreen» компаниясы уақыт шығынын азайтуға мүмкіндік беретінін тілге тиек етті. Яғни, арпаның мал санының, сүт және жұмыртқа өнімділігінің артып, құрамында белок пен протеиннің көп мөлшерін бойына жинап, бір аптада өсіп шығатынын айтып өтті. Тек белгілі атмосфера, қысым, кеңістіктің ылғалдылығы, уақытылы суару мен арнайы жарық беруді бір қалыпта ұстап тұру керек. Гидропонды жағдайда бидай мен арпаның, дәнді және бұршақ тұқымдастардың, күріштің барлық сұрыптарын құрамындағы дәрумендерді сақтай отырып өсіруге болады.

null  

Келіссөз соңында аталмыш жүйе ШҚО-ның сүт өндірісі жақсы дамыған аудандарында дамытылатыны айтылды.

«Бұл қондырғы өңірдің ауылшаруашылық саласын дамытуға өз үлесін қосады. Жануарлар құрамында биоазығы бар өсімдіктерді пайдаланса, ауруға қарсы тұру иммунитеті жақсы дамиды. Қазіргі таңда жан-жақты зерттеп, қаржы институттары мен ғалымдарды жұмылдырудамыз», - деді ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қонысбай Төлеубеков.

Соңғы жаңалықтар