ШҚО-дағы ауылдардың жартысынан астамында мобильді интернет жоқ – Бағдат Мусин

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдардың жартысынан астамында мобильді интернет жоқ. Бұл туралы Өскеменде өңір тұрғындарымен кездескен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Өскемендегі Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ қабырғасында аймақ халқымен кездесу өткізді. Өз сөзінде ол бүгінде мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы eGov мобильді қосымшасында қолжетімді екенін жеткізді.

«Ай сайын 2,5 млн адам eGov мобильді қосымшасын пайдаланады. Күн сайын қосымшаға 200 мың қолданушы кіреді. Көрсеткіш күн санап өсіп келеді. Мәселен eGov арқылы бір жылдың ішінде 43 млн, ал eGov мобильді қосымшасын 18 млн адам пайдаланған», - деді Бағдат Мусин.

Оның айтуынша, ШҚО-дағы 363 елді мекеннің 197-сінде мобильді интернет жоқ.

«Облыс әкімі Даниал Ахметовтың ұсынысымен арнайы жол картасын құрдық. Онда елді мекендерге тиісті антеналар орнатып, мобильді интернет мәселесін 2025 жылға дейін шешпекпіз», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар