ШҚО-дағы ауруханада скальпельсіз ота жасала бастады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай аудандық орталық ауруханасында заманауи ангиограф іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Науқастарға скальпельсіз жасалатын отаны дәрігер-интервент Дамир Жунишанов жүргізеді. Интервенциялық немесе эндоваскулярлық хирургия - бұл рентгендік эндоваскулярлық әдісті қолдана отырып, зақымдалған мүшеге тамырлар арқылы ота жасау. Орындалған манипуляцияларды визуалды бақылау аудандық ауруханадағы жоғары технологиялық ангиографиялық жабдықпен қамтамасыз етілген.

Енді науқастарға Өскемен қаласына барудың қажеті жоқ. Себебі көптеген оталар ауданда да жасала бастады.

«Кез-келген инфаркт осылай емделмесе жүрек бұлшықетінің некрозына және өлімге әкелетіндігі сөзсіз. Қазір бізде стенокардиямен ауыратын 61 жастағы науқас емделуде. Бұл әдіс оның ишемиясы бар-жоғын, бұындарының жеткілікті дәрежеде жұмыс атқаратынын тексеруге, тамырлардың тарылғандығын анықтауға мүмкіндік береді. Қажет болса, стент орнатылады. Мамандарды дайындау үш жылға созылады. Бірақ біз көп күте алмаймыз, сондықтан ауданға Өскеменнен арнайы дәрігер-интервентті шақырдық. Мұндай оталардың қажеттілігі өте зор», - дейді аудандық аурухананың бас дәрігері Олжас Нұркенов.


Соңғы жаңалықтар