ШҚО-дағы аурухана кәсіпкер құқығын бұзып, 16 млн теңгеге көрсетілген қызмет ақысын төлемеген

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы аудандық аурухананың 16 млн теңге төлемей кәсіпкер құқығын бұзғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Шемонаиха ауданындағы мобильді топқа денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін кәсіпкер жүгінген.

Өз сөзінде ол аудандық аурухананың орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге және кәсіпкер жеткізген тауарларға ақы төлеу бойынша шарттық міндеттемелерін орындамағанын жеткізді.

«Талдау барысында аурухананың жалпы қарызы 16,3 млн теңгеге жететіні анықталды. Бұл бизнестің мүліктік құқықтарының және кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылдың заңдылық принципінің бұзылуы», - делінген ақпаратта.

Прокуратураның Шемонаиха аудандық ауруханасына берген ұсынымынан кейін мәселе оң шешімін тапты. Қазіргі уақытта жеке кәсіпкерге қарыз сомасы толықтай төленді. Сондай-ақ кінәлі адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


Соңғы жаңалықтар