ШҚО-дағы әскери бөлімде сарбаз қайтыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданындағы №10810 әскери бөлімшесінде сарбаз қайтыс болды. Бұл туралы бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қайғылы оқиға кеше, 8 наурыз күні болған. Әскери қызметкер В.И.Кружновтың неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, осы оқиға бойынша қазір құзырлы орган өкілдері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҚР Қарулы Күштерінің жеке құрамы марқұм болған сарбаздың отбасына көңіл айтады», -делінген хабарламада.

Қостанай өңірлік «Қостанай жаңалықтары» басылымының хабарлауынша, осы өңірдің тумасы 21 жастағы Валерий Кружнов Әскери ант қабылдаған соң, бірнеше аптадан соң көз жұмған. Бұл туралы қайтыс болған сарбаздың әкпесі Александра Бадакина айтқан.

Оның сөзінше, Валерийдің отбасына оның өмірден өткендігі туралы хабар кеше, таңа ата жеткен. «Бізге ол ұйықтап жатып бақилық болды»,-деді. Әзірге нақты ештеңе білмейміз. 9 маусымда баланың мәйітін тексереді де, мүрдені Қостанайға жібереді. Біз оның ұйықтап жатып қалай қайтыс болып кеткендігін түсінбейміз. Әзірге сұрақ көп, жауап жоқ», -дейді Александра.

Сондай-ақ оның сөзінше, Валерий отбасындағы жалғыз бала болған. Қостанайда №1 мектеп-лицейді бітірген соң Екатеринбургте арнайы орта білім алған.

Алаксандра Бадакинаның сөзінше, әскерге шақырылған кезде інісінің денсаулығының талапқа сай емес екендігі анықталған. Оған «кардиологический синдром» диагнозы қойылған. Соған қарамастан Валерий әскерге жіберілген.

Соңғы жаңалықтар